Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Міндеттері:
- ата-аналарға баланың сөйлеу, танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамыту бойынша кеңес беру;
- үй жағдайында баланың жас ерекшелігіне сай дамуына ықпал ететін ойындар мен жаттығуларды ұсыну;
- баланың денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы және қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға ақпарат беру.
Құрметті ата - аналар! «Ару» бөбекжай- балабақшасында мектепке дейінгі ұйымға бармайтын 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалары бар ата - аналарға (заңды өкілдеріне) тегін кеңес беру пункті жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу, сонымен қатар психологиялық даму мәселелері бойынша сіздерге келесі мамандар кеңес бере алады: меңгеруші-әдіскер, медбике
Байланыс номірлері:
Меңгеруші: 87758426078
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Ата-аналарға арналған консультациялық пунктың 2026-2027 оқу жылының жоспары |
